📖Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Алғаш рет соңғы кезең "бір қатысушы – бір компьютер – бір камера"қағидаты бойынша прокторинг жүйесін қолдану арқылы өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстанды халықаралық олимпиадаларда таныстырады.
📖Ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында республикалық олимпиаданы өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілді.
💬"Қатысушылар оқу пәндері мен сыныптарды араластыру әдісі бойынша отырады. Олимпиаданы өткізу пункттерінде әрбір қатысушы үшін тең жағдай жасалған. Қатысушылар тапсырмаларға алдын-ала берілген жеке қол жеткізу кодын алады. Алғаш рет тапсырмаларды құрастырушылармен құпия ақпаратты жарияламау туралы шарттар жасалды. Жалпы, карантиндік шектеулер жағдайында мұндай формат неғұрлым ыңғайлы болып табылады, бұл ретте барлық санитарлық талаптар мен нормалар сақталады", – деп атап өтті ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекова.
@bilim_jane_gylym