Бірлестік орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы
«Қамқорлық Кеңесінің» кезекті отырысының хаттамасы
Хаттама № 2
Отырыс өтілген күн: 21.12.2019. Сағат 15.00-де
Отырыс өтілген орын: Бірлестік орта мектебі
Отырысқа қатысқандар: Қамқорлық Кеңесінің төрағасы, орынбасары, мүшелері және хатшы.
Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселе:
1.Бірлестік орта мектебіндегі өтілетін оқушылардың «Шырша тойы-2019» мерекесіне демеушілік көмек көрсету.
А) Аяз атаның дорбасына салынатын кәмпитпен қамтамасыз ету
В) Мереке өтілетін орынды жаңа жылға лайық етіп безендіру үшін қажетті заттармен
жабдықтау
1. 2018-2019 оқу жылының 21 желтоқсаны күні қамқорлық кеңесінің кезекті отрысы болды. Отырысқа Кеңестің барлық мүшелері қатысты. «Қамқорлық Кеңесінің» төрағасы Нұрғалиев Батыр Боранбайұлы Бірлестік орта мектебіндегі өтілетін «Шырша тойы-2019» мерекесін өткізуге демеушілік көмек көрсету туралы мәселемен таныстырды. Жоғарыдағы көрсетілген:
А) Аяз атаның дорбасына салынатын кәмпитпен қамтамасыз ету
В) Мереке өтілетін орынды жаңа жылға лайық етіп безендіру үшін қажетті
заттармен жабдықтау сияқты мәселелерді ортаға салды. Барлық отырған Кеңес мүшелері бірауыздан қолдап демеушілік жасауға шешім қабылдап, келісімге келді.
Төраға: Нұрғалиев Батыр Боранбайұлы.
Хатшы: Мұғжан Тәттігүл Дүйсенқызы