«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бирлестик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области».

2020 жылдың қазан айының 12-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің тарапынан мұғалімдер күніне орай марапатталған Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан өткізілетін бақылау шараларына қатысқан ұстаздарды Департамент басшысы С.Т.Алтаев құттықтап, алғыс хаттарды берді. Бірнеше жыл қатарымен сарапшы ретінде Департаментпен тығыз жұмыс жасап, өз біліктілігін, шеберін, іскерлігін көрсеткен ұстаздар марапатқа ие болды. Атап өтсек, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейі» орыс тілі мен әдебиет мұғалімі С.А.Калиева, Зеренді ауданы білім бөлімінің «Бірлестік орта мектебі» директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.К. Турысбекова, Степногорск қаласы білім бөлімінің «Ақсу кентіндегі №1 орта мектебі» директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Б. Кульмагамбетова , Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясы» тарих пәнінің мұғалімі С.С.Бакирова, Бурабай ауданы білім бөлімінің «Зеленобор мектеп-гимназиясы» директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М.А.Баймаханов. Ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

13.10.2020
Просмотров: 194


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз және әлеуметтік желі!

Ашық бюджет 2021

Ұйымдар тізімі
Текст