Бірлестік орта мектебінің 2019-2020 оқу жылындағы 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өткізілген бірыңғай сағаттың есебі
Қазіргі кездегі белең алып, әлі де болса тұсалмай тұрған жағымсыз істің бірі сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекетті, адамдарды қаржылай және материалды тұрғыдан жасырын тонаудың алдын алу үшін Бірлестік орта мектебінде «9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» бойынша желтоқсан айының жетісі күні 9-11 сыныптарда сағат 9.00-де Бірыңғай сағат өткізілді.
Тақырыптық сағатты сынып жетекшілер ұйымдастырып өткізді. Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті арттыру мәселелерін қосып тақырыпқа сай мазмұнды әрі мағыналы сынып сағаттары жүргізілді. Өткізудің мақсаты қоғамдағы дендеп бара жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жемқорлықты болдырмау. Сынып сағаттары барысында тақырыптық слайдттар, видеолар көрсетіліп, пара алудың салдары мен зияны жайында пікірлер айтылды.
Қазіргі кездегі қоғамды іштен жеп жатқан жемқорлықтың түрлерімен, салдарымен, алдын-алу жолдарымен таныстырып, көптеген мәліметтер беріп өтті. Сахналық қойылымдар көрсетіп, пікір-талас та туындады. Жалпы сынып сағаты жоғары деңгейде, тақырыпқа сай өтілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Солтанбек Г.