«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бирлестик отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области».

"1001 мақал 101 жұмбақ"

13.03.2019

Мақсаты: көп ұлтты еліміздің татулығы мен туысқандығы, тіл мен мәдениетін, сөз өнері арқылы дүниетанымын құрметтеуге тәрбиелеу, ата-аналарды мектеп өмірімен байланыстыру, өзара қарым-қатынастықты арттыру.

   Барысы:

   Құрметті ұстаздар, балалар! Бүгін бізде «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайыс сабақ өткелі тұр.

- Мақал-мәтел ата-бабамыздан келе жатқан өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

   Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.

  -Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылады.

  Жұмбақ-адамның ой өрісін алғырлығын,білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Мысалы: «Сенде жоқ,менде жоқ,Зеңгір тауда жоқ,өте берік тауда жоқ,Қыпшақта жоқ. (Құс сүті).

Өтілу барысы:

1-кезең:Мақал-мәтел сайысы.  Тақырыбы: тіл, сөз, өнер, туған жер, Отан.

2-кезең: мақал-мәтел табу. Тақырыбы: еркін тақырып.

3-кезең: Тұрақты сөз тіркесін табу.

  4-кезең: Жұмбақ шешу.

   Ақтық ойын.

 Мақсат ойыншылардың қаншалықты ізденпаздығын, алғырлығын тексеру.

1-кезең: «Ойшыл болсаң, озып көр»

Тіл, сөз өнері, Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту, бір ескертетін жайт: біреуінің мақалын екіншілері  қайталамаулары керек.

2-кезең: «Жүйрік болсаң, озып көр»

Бұл кезеңде мақалдың бірінші жартысы оқылады, ал ойыншылар сол мақалдың жалғасын табуы тиіс.

1.     Ана тілің алпыс тілге татиды.

2.     Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.

3.     Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.

4.     Өз тілің – бірлік үшін,

Өзге тілің – тірлік үшін.

5.     Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

6.     Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

7.     Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

8.     Көнектей басыңа шүйектей тілің жау.

9.     Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

10.                       Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

3-кезең: «Алғыр болсаң, айтып көр»

 Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу.

1.     Ит өлген жер. (алыс)

2.     Көзді ашып, жұмғанша. (тез арада)

3.     Су жүрек.(қорқақ)

4.     Тайға таңба басқандай. (бірдей, ұқсас)

5.     Төбе шашы тік тұру. (таң қалу)

6.     Қас пен көздің арасы. (тез арада)

7.     Құлақ түрді. (тыңдау)

8.     Қоян жүрек (қорқақ)

4-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр.

  Ал, енді мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақ деген  алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып сол нәрсені тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп айтады.

  Тапқыр болсаң, тауып көр.

  Қандай жұмбақ болса да,

  Шешпей оны қоймаймыз.

1.     Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз)

2.     Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында денесі. (Қарындаш)

3.     Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)

4.     (слайдтан оқып беру)

Қазылар алқасы шешімі бойынша жеңімпаз ойыншымыз анықталады, тиісті мақтау қағаздармен мадақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 988


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз және әлеуметтік желі!

Ұйымдар тізімі
Текст