30 мамыр мен 3 маусым аралығында Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушылары Мәлік Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп гимназиясындағы орталықтандырылған далалық оқу жиынына қатысып келді. Болашақ ел қорғайтын сарбаздар әскери дала жаттығуларын шебер орындап, патриоттық сезімдерін шыңдады. Далалық жиын барысында Щучинск қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы әскери колледжінің әскери өмірімен, тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Жоғары деңгейде далалық оқу жиынын ұйымдастырған Зеренді ауданы, білім бөлімінің басшысы Д.Ш.Нуроваға, қазақ орта мектеп гимназиясының директоры Э.М.Халеловаға және Ақмола облысының туристік қауымдастық ының төрағасы облыстық мәслихаттың депутаты Қ.А.Сұлтановқа алғысымызды білдіреміз.
Алғыс білдіруші Бірлестік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери және техникалық дайындық пәнінің мұғалімі Д.М.Буркытов.