Текст
Бірлестік ауылының ЖОББ мектебінің асханасына мектептің бракераждық комиссия тобы асханадағы азық-түліктердің сапасы мен сақталу жағдайына және ас мәзірі мен басқа да құжаттарға кезекті мониторингтік тексеріс жүргізді. Нәтижесінде тамақтың сапасы талапқа сай және қалыпты жағдайда сақталғандығы анықталды. Күнделікті тамақ ас мәзіріне сәйкес дайындалған. Асхана іші таза, ата-аналар тарапынан тамақтануға байланысты ешқандай шағым немесе ескерту болмаған.