Текст
"Бірлестік ауылының ЖОББМ" КММ "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" мақсатында кезекті ата-аналар жиналысы өтті. Бұл бағдарламаның мақсаты ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету, балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында ынтымақтаса, жұмыла кірісіп жұмыс жасау. Бүгін жиналыс барысында жауапты мұғалімдер ата-аналармен көптеген мәселелер бойынша жұмыстар жасады."Ашық микрофон", "Балапан бала" топтық жұмысы, "Кім жылдам" мотивациялық ойын және "Екі жұлдыз, бір тілек" кері байланысы жүргізілді.